27.08.2023
  944


Автор: Тұсаукесер тойы

Тұсау кесу батасы

Тұсауын кескен баланың,
Құтты болсын қадамы!
Алға бассын тек қана,
Биік болып талабы!
Дені сау боп лайым,
Ашық болсын жолдары!
Жаратқаным жар болып,
Артсын дәйім мол бағы!
Арайлы таң қуантып,
Бар жақсылық болсын тек!
Тәй-тәйлаған балапан,
Жүрші әркез күлімдеп!
Шаттықты тек күн сыйлап,
Қуанта берсін әр күнің!
Биік самғап ұша бер,
Бақыт сыйлап тағдырың!
Әр күн сайын балапан,
Ата-анаңды қуандыр!
Әр қадамың оң болып,
Сәттілікті құп алдыр!
Арнап саған айтқан бұл,
Қабыл болсын тілегім!
Ғұмырлы бол, аман бол,
Батам осы, тілерім!
Әумин!
Жібек Искакова





Пікір жазу