10.08.2023
  248


Автор: Білім күні

Білім — асыл қазына

«Білім — адам баласының ортақ қазынасы»
Жүсіп Баласағұни. Ия, расында да білім адамзат баласының ортақ тіл табысуына, игі істерді бірге атқаруға жол ашады. Оқу, білу, үйрену арқылы адам баласының ой өрісі кеңейіп, санасы толыға түсетіні сөзсіз. Білім алу керек дейміз. Ол білімді қайдан аламыз деген сұрақ туындайды. Міне осы сұрақтың басты жауабы білімнің қайнар көзі бірінші мектептен бастау алады. Алғашқы ұстаз жазу мен сызуды үйретсе, әліппені оқыту арқылы әріптердің басын қостырып, буынға салып үйретіп білім алудың баспалдағынан өткізеді. Міне осындай жолмен бастау алатын білім мектептегі алғашқы сыныпқа барған күндері, яғни бірінші сыныпта тарыдай болып кірсе тоғызыншы, он бірінші сыныптарда таудай болып мектеп табалдырығын бітіріп шығады. Бұл әрине мектептегі қызықты сәттермен жалғасын табатын ерекше кезеңдер болмақ. Бастысы білім алу жолында ешқашанда шаршамау керек. Ерінбеу керек.
«Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы» Мұхтар Әуезов. Білім алу арқылы адамдар өмірлік азығын ала алады. Білімдінің жолы ашық екені айдан анық нәрсе. Сондықтан білімді болайық, білім алайық. Білім алу жолында аянбай еңбек етіп, барымызды салайық.
Әр жыл сайын 1-қыркүйек күні келетін білім күні құтты болсын! Саналы да білімді ұрпақтар көбейсін. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Тәрбиелі де білімді жастарымыз көп болсын!





Пікір жазу