10.08.2023
  116


Автор: Білім күні

Бұл алғашқы қоңырау

Жазғы демалыс аяқталып, сары күздің алғашы күні де есік ашты. Яғни қыркүйек айтының бірінші жұлдызы — «Білім күні» оқушыларды асыға күткендей ерекше күй сыйлап тұр. Мектепке асығып бара жатқан балалар. Қолдарында гүл. Бір бала мектепке алғашқы рет қадам басса, енді бірі өз сыныптастары мен ұстаздарын көруге асығып бара жатқандай. Арасында бар балалар жазғы демалыстың біткендігін қаламайтын бірақ олар да өз мектебін, ұстаздары мен сыныптастарын сағынып қадамдарын үлкен етіп ашып, алға қарай адымдап барады. Мектеп алдында ерекше күй беретін мерекелік шараға ұласып жатқан «білім күні» мерекелік іс-шара болуда. Өз сценариімен жалғасын табатын бұл мерекелік іс-шарада алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылына ақ тілектер айтылады. Оқушылар өз сыныбына барып, ұстаздарымен қауышады. Міне осындай керемет көріністі бейнелейтін алғашқы қоңырау жаңа оқу жылына ерекше дем беріп, жаңа оқу жылының жаңаша жолмен жалғасын табуына жол ашады.
Оқушылар ұстаздарымен қауышып, ұстаздары оқушылармен қауышып арқа-жарқа болатын сәт естен кетпес ерекше сәтке ұласатыны сөзсіз. Бұл биылғы алғашқы қоңырау барша оқушылар мен ұстаздарға тек сәттілігін алып келсін! Оқушылар жақсы оқып ұстаздары мен ата-аналарын қуанта берсін, ал ұстаздар оқушылардың жеткен жетістігіне қуанып еңбектері жана берсін! Жаңа оқу жылы тек қана қуаныш пен сәттілікке толы болсын!





Пікір жазу