10.08.2023
  173


Автор: Білім күні

Сыңғырла, сыңғырла алғашқы қоңырау

1-ші қыркүйек — Алғашқы қоңырау, алғашқы күн мектепке асыққан балалар. Қолдарында гүлдері бар жаңаша көңіл-күймен жаңаша қуанышты үнмен мектепке қадам басуда. Расында да, бұл күн ерекше қасиетке ие екені сөзсіз. Себебі дәл осы күні 1-ші сыныпқа баратындар ең алғаш мектеп табалдырығын аттайды, ең алғаш рет әріп үйрететін, жазу жаздыратын ұстазымен танысады. Қолына қалам алып ғажайып әлемнің ғажап сәттеріне қадам басады. Бұл ерекше сәтті 1-ші сыныптың баласы түсіне қоймас бірақ кейін уақыт өте келе мектептегі ең алғашқы күн ретінде есте қалған ғажайып әлемнің ғажап сәттері көз алдына келері сөзсіз. Алғашқы қоңырау үні расында да жанды тербейтін ерекше сәт. Төртінші сыныпты бітіріп бесінші сыныпқа қадам басқан оқушылардың көңіл-күйлерін айтсаңызшы. Олар үлкен сынып оқушылары болып саналатын сәтке қадам басқан бұл алғашқы қоңыраулары оларға бір ерекше толғаныс сыйлайтыны анық. Ал тоғызыншы сынып пен он бірінші сынып оқушыларының тіптен ерекше күйде болар. Бірі тоғызыншы сыныпты бітіріп оқуға түсем десе, екіншісі он бірінші сыныпты мектептен бітіріп шығамын деген сияқты түрлі жоспарларын құрып, өз таңдауларын жасап жатады. Ал он бірінші сыныптың оқушылары жылдың басынан-ақ, яғни алғашқы күннен бастап-ақ өз мамандықтарын таңдап, сол таңдаулы мамандығының жолында үлкен дайындыққа кіріседі. Бұл дегеніміз мектептегі балдай тәтті күндердің ерекше сәттері міне осындай алғашқы қоңырау күнінен бастау алмақ...
Ендеше, «Сыңғырла да сыңғырла, алғашқы қоңырау!» — деп, сәттілік тілейміз оқушылар! Қадамдарың оң болып, зейіндерің ашыла берсін! Алғашқы қоңырау күні барша мектеп ұжымына тек қуаныш сыйлап, оқушылар білім мен ілімге құштар бола берсін!





Пікір жазу