24.07.2023
  109


Автор: Зейнел-Ғаби Иманбаев

АҢШЫ КЕЛЕ ЖАТЫР

       Қалбалақтап ұшып жүрген сауысқан орман аралап келе жатқан аңшыны көрді де, танысы орқоянға «Аңшы келе жатыр, аңшы», – деп жар салды.


Әккі қоян сауысқан шықылықтағанда-ақ тығыла қалды.  Жер қара, қоян аппақ. Алғашқы қар еріп кеткен, әр жерде бірлі-жарым қар қалған. Қоян тал түбіндегі тоқымдай қардың бетіне бұға қойды, аңшы аңғарар емес. Сауысқан қоян жатқан талдың басына қонып алып, «Аңшы келе жатыр, аңшы» – деп, шықылықтаумен болды. Құйрығын шошаңдатып талдан-талға қонады. Өсекшінің сырына қанық мерген: «Сауысқан айтпаса, осы бір талсымақтың түбінде қоян бар деп кім ойлаған!» – депті.





Пікір жазу