24.07.2023
  277


Автор: Конституция күні

Қазақтың ата-заңы

Конституция — Қазақстан республикасының негізгі заңы болып табылады. Өткен күнге көз салар болсақ Ата заңымыз Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзімде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енген болатын. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты екені баршамызға мәлім. 1995 жылы 30 тамызда халықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ата заңымыз бұл күндері еліміздің қазіргі шағы мен жарқын болашағы үшін қызмет етіп келеді. Конституция халықтың дауыс беруі арқылы қабылғандықтан Қазақстандықтар әр жылдың 30 тамызында Конституция күнін атап өтеді және осы күні бір күндік демалысқа шығады. Бұл Конституция күні мемлекеттік мерекелер қатарына енген, мәртебесі жоғары айрықша күн, ерекше мереке.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Яғни еліміз үшін қызмет етеді. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр десек қате айтпағанымыз болар.
Қабылданған Конституциямызда демократияның түпкі мәні ерекше көрініс тауып, айқындалады. «Демократия» деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағынаға ие болады. Бұл тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты көрініс тапқан. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» — деп нақты жазылған. Демек, мемлекеттің басты байлығы халық болып табылады. Халық арасындағы достастықтар мен сыйластық, ынтымақ бірліктері мықты болса Мемлекеттің де жай күйі мықты болып, шетелдіктер алдында да абыройлы болмақ.
Халқымыздың хал-ауқаты жақсы болса, тұрмыс-тіршілігі жақсы болса мемлекетіміз де биікке қанат қағып, жарқырай түседі. Ал халықтың тұрмысы жақсы болуы үшін әрбір Қазақстандық өз істеріне жауапты болып, өз жұмыстарын дөңгелетіп отырса, бір-біріне көмек беріп, бірін-бірі қолдап жүрсе, жемқорлыққа жол бермей, өз міндеттерін адал атқарса міне сонда еліміздің жұлдызы жарқырап, айы оңынан туады десем қате айтпағаным болар! Демек әрбір ісімізге ұқыпты болсақ, заң талаптарын берік ұстана білсек, бұзақылық, қылмыстардан аулақ болсақ өміріміз күннен күнге жанданары сөзсіз.
Бүгін тамыздың 30-ы, яғни Конституция күні. Барша Қазақстандықтарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің басты байлығы халқымыз аман болсын! Халқымыздың амандығын беру үшін, жүздеріңнен күлкі кетірмей, бақытты ету үшін еліміз тыныш болсын! Елдің тынышы халықтың тынышы! Бай, қуатты болайық!





Пікір жазу