24.07.2023
  141


Автор: Конституция күні

Конституция құрылымы

Қазақсатан Республикасының Конституциясы – Қазақстан мемлекетінің Ата заңы болып табылады. Ата заңымыз 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткізу жолымен қабылданып, 30 тамыз мемлекеттік мерекелер қатарына еніп, аталған күн Конституция күні болып бекітіледі. Отызыншы тамыз расында да көкіректі қуаныш тербейтін, потриоттық сезімдер жанымызға жылу беріп, самалымен тербей түседі. 30 тамыз, яғни Конституция күні болып бекітілгеннен соң мемлекеттік мейрамдар қатарына еніп, Қазақстан Республикасының Конституция күні болып заң жүзінде бекітілген соң дәл осы аталмыш күніне Қазақстан Республикасының «Конституция күні» демалатын күн болып жарияланады. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның 1924 ші жылды қоса есептегенде бесінші Ата заңы (1924, 1937, 1978, 1993, 1995) болып табылады. Ата заңымыздың ішкі дүниеміне үңілер болсақ, оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшаларды құрайды.
Атап айтар болсақ, жаңа конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданыс табады. Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттары былай түсіндірілген:
— «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ия, бұл біздің Ата заңымыз, Ата заңды құрметтеу мен оның мәртебесін биік ұстау Қазақстандық әрбір азамматтардың парызы мен міндеті дер едім.
Енді Конституцияның құрылымын қысқаша атап өтсек:
Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Жалпы айтқанда әрбір адам өз құқығын біліп жүрсе, Конституциялық нормативтер мен өзіне керекті заңнамаларды санасына құйып жүрсе, тіпті әрбір азаматтар мен азаматшалар өз құқықтарын заң жүзінде қалай қорғалатынын біліп, түсініп алса нұр үстіне нұр емес пе?! Сіз қалай ойлайсыз?

Құрметті Қазақ елі: әр жыл сайын келетін, 30 тамыз Конституция күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, көңіліміз тасық болсын! Егемендігіміз мәңгіге, Тәуелсіздігіміз тұрақты болсын!





Пікір жазу