10.07.2023
  67


Автор: Серікбай Оспанов

Сен мұңайсаң – бұл өмірдің бәрі мұң...

Сен мұңайсаң – бұл өмірдің бәрі мұң,


Сен налысаң – мен де бірге налыдым.


Қосқаны анық екеумізді махаббат,


Босқа налып жыламашы, жарығым!


 


Бұл өмірдің ащысын біз көп татып,


Ала жаздап қалдық талай тоқтатып...


Сені сүйем мен өмірді сүйгендей,


Сүйсең болды – одан артық жоқ бақыт!


 


Өмір шіркін бір орнында тұра ма,


Баламыздың бірі – әке, бірі – ана...


Алғашыңа,


Жалғасыңа қара сен,


Сол өмірің!


Өзге ғұмыр сұрама!


 


Сұрағанмен өмір ғұмыр бере ме,


Жылағанмен өмір бізді ұға ма?..





Пікір жазу