07.07.2023
  65


Автор: Серікбай Оспанов

Ғашық болғам – талай адам ұнаған...

Ғашық болғам – талай адам ұнаған,


Көтерілген,


Күнім қайта құлаған.


Жүрегімдей болып кете алмады


Бұл өмірде сендей бірақ бір адам.


 


Өтірік қой пәкпін десем күнәдан,


Күнәм үшін жаным талай жылаған.


Сен ғанасың мен білетін періште,


Адалдығың үшін де сен жүр аман!





Пікір жазу