02.07.2023
  54


Автор: Серікбай Оспанов

Көріп мен...

Көріп мен


Бұлақтардан күн.


Сеніп мен


Сыр ақтарғанмын.


Жылап қалғанмын...


Мына бір тұрған


Шарасы бөтен,


Көктемде тұнған


Қара су екен.


Ұрып жағаны


Ойнақтамайды.


Тұнық жанары


Ойлап қарайды...


Табиғат заңы –


Санасу екен.


Шариғат заңы –


Жарасу екен...





Пікір жазу