25.06.2023
  76


Автор: Серікбай Оспанов

Жауап беру үшін Ел, Ар алдында...

Жауап беру үшін Ел, Ар алдында,


Алды-артыңа, ағайын, қарадың ба?!


Масайратып,


Көп жұтсаң мас қылатын


Бірдей екен мадағың, арағың да.


 


Ортақ Отан!


Мынаның, ананың да


Домалайды жұмыр жер табанында.


Аранында– бар пәле пенделердің


Қалу-қалмау қасірет қамалында.


 


Тарылатын күні бар даланың да,


Ескіретін күні бар жаңаның да.


Қонбайды деп ойлама


Басыңа кеп


Көзге ілінбей жүрген шаң балағыңда!..





Пікір жазу