23.06.2023
  97


Автор: Серікбай Оспанов

Айналады қолыңда бәрі асылға...

– Айналады қолыңда бәрі асылға,


Шебер бар ма? – деп сұрайды ел – нағашыңда?


– Нағашымда шебер жоқ,
Ал әкемнің


Шеберлігі жоқ адам баласында!


 


Нанбайсың ба, өзің біл нанасың ба,


Бесігі мен тербелді ел шанасында!


Иісі қандай керемет!


Ұйқтаушы едім


Әкем жонған жоңқалар арасында!


 


Әке өнері айналды жалауыма,


Көніп те жүр соңғы кез қалауыма...


Иіскегендей боламын омырауын,


Иісі келсе ағаштың танауыма!





Пікір жазу