07.06.2023
  72


Автор: Артюр Рембо

МЕТРОПОЛИТЕН

 


 


 


Қаракөк түсті шатқалдан Оссиан теңіздеріне қызғылтым құммен, масайған аспанмен жуылған, мөлдір шыны гүлзарлардың қиылыстары көтеріледі. Онда қоректерін көгөніс сататындардан алатын жарлы жандар тұрады. Елесі жоқ байлықтың. – Қала!


Тас жол шөлдалада тұманмен бірге бара жатыр бей-берекет жүгіріп. Көкті орайды жеркенішті сабалақтары тұманның. Майысып аспан, төменге шөгіп барады, тұншығады қара, күңгірт түтінге. Ондайды ойлап таба алмас еді қара жамылған мұхит та. Қоларбалар мен жүк тиейтін қайықтар, жылқылардың сауыры бей-берекет шауып барады. – Шайқас!


Басыңды көтер: майысып кеткен жасалған көпір ағаштан; самаритян* егінжайы ақырғы; түнгі суықтан сабалған, көше шамының астындағы бетперделер боялған; жағасында өзеннің көйлек киген шытырлақ ақымақтау су пері; бұршақтарға шағылысқан жылтыраған бас сүйектер қаптаған; және де басқа сан елестер сандырақ. – Қаланың маңы!


Барлық жолдар, көмкерілген қабырғамен, торлармен, тығыз орман – арт жағында олардың; көріксіз гүлдер, – бұларды: апай десең де, жүрек десең де жарасар; зерігуге ұшыраған Дамаск; ақсүйектердің қожалықтары ғажайып; рейндік, гуаранилік, жапондық – қаласыртылық иеліктер, – ескі әуендерді еске алу үшін жарамды; қонақжайлар бар, есігі енді ашылмас; – ханшайым қыздар бар және, шаршамаған болсаң сен онша, сәуле шашуды үйретер. – Аспан.


Иә, сол таң, сенің күрескен шағыңдағы Онымен, айналада жарқырайды қар ғана, еріндер мен мұздар көгерген, қара жалаулардың тамтығы, көгілдір сәулелер, солтүстіктің қып-қызыл күнінің хош иісі. – Сенің күшің.


 





Пікір жазу