07.06.2023
  65


Автор: Артюр Рембо

СЕРГЕКТІК

І


 


Бұл – сәулелі тыныс, әлсіздік те, безгек те емес, егіндік пен төсектегі. Бұл – дос, құмарлық та, қалжырау да емес бұл. Дос.


Бұл – сүйіктім, азап шеккен, азап берген емес ол. Сүйіктім. Тыныштық пен ауа ғана, іздемейсің сен оны. Өмір.


Бәрі осылай болады ма? Көретінің – жайлы түс.


 


ІІ


 


Шағылды жарық күмбезге. Залдың екі шетінен, оның безенділерінен бөлініп, жарасымды кесінділер көрінді. Сергек сананың алдындағы қабырға, бұл – шағылған әшекейлер мен ауа ағымдары сызықтарының, жерасты қопарылыстардың жан-жүйелік қатары. Бар ізгілікті сіңірген мүсінді, сезімтал топтардың шиеленіскен, сергек ұйқыда жедел көрген түстері, сәйкестік пен жарасымға жайласқан.


 


ІІІ


 


Шулайды    түнгі     сергектіктің     кілемдері    мен     шамдары,    кеме палубаларына шапшыған теңіз толқындары сықылды.


Түнгі сергектік теңізі – ұқсайды, ырас, Амелияның төсіне.


Кеңістіктің    жартысын    алып    тұрған    тұскілем,    жас    өсімдіктер шілтерлерге тоқылған, інжулі іреңк, сергектіктің құмыр құсы ұмтылады сен жаққа.


Қара камин тақтасы, шаңқан шұғыла құмды жағажайдағы: о, шыңырауы барлық сиқырдың. Ал бұл жолы – Күн шапағының суреті бар тек қана!


 





Пікір жазу