07.06.2023
  72


Автор: Артюр Рембо

КӨПІРЛЕР

 


 


Сұрғылт шыны сықылды аспан.


Көзге ұрады көпірлердің сұлбасы: бірі түзу, бірі қисық, бірі төмен, ал бірі біреуіне килігіп тұр бүйірден. Бұл бейнелер жарқыраған орамында жаптардың тұрады ылғи жаңарып, бірақ бәрі сондай жеңіл әрі ұзын, сондықтан да күмбездері езгілеген жағажай көрінеді төлежіп.


Бұл көпірдің кейбіреуі әлі күнге келе жатыр ылашықтарды арқалап. Бәзбірі желкен-діңгектер үшін, белгі беру үшін, тіреулер үшін жақтауларына көпірдің.


Жағажайлар үстіндегі пернелерде созылған қиысып жатыр үзбей мұңды әуеннің дыбысы. Қызғылт көйлек тұр көрініп, бәлкім, басқа киімдер мен саз аспабы шығар ол. Бұл не? Халық жырлары ма, үзіндісі ме әндерінің ең жоғарғы қауымның, сарқын ба, әлде әнұранынан қалған көшенің? Кең бұғазда көгілдір сұр су жылжып.


Көктен құлап Ақ сәуле, бұл күлкілі қойылымды мүлде жойып жіберді.





Пікір жазу