04.06.2023
  118


Автор: Әкелер күні

Құттықтаймын Әкешім

Құттықтаймын Әкешім,
Әкелердің күнімен.
Бар жақсыны тілеймін,
Ілтипатты үніммен.

Асқар тауым өзіңсің,
Жан Әкешім, ардағым.
Саулығыңыз мықты боп,
Атсын сәтті таңдарың.

Қуана түс Әкешім,
Күлім қағып жүзіңіз.
Ортамызда, бас болып,
Лайым аман жүріңіз.





Пікір жазу