31.05.2023
  213


Автор: Мөлдір Тоқжанова

Жан дүниенің азығы маңыздырақ...


? Азық дегенде ақылымызға ең алғаш келетін не нәрсе?
Тамақ?
Дүкен?
Базар?
Әлде жеміс, не көкөніс пе?
Азық дегеніміз ағзамызға қорек болатын нәрсе.

? Жақсы, сонда бізді өсіретін, азықтандыратын тек осылар ғана ма?..
Азық алты түрлі болады. ☝️ Олардың алғашқысы көрнекі азықтар. Ауыз арқылы тамақ ішке барып, бізге зиян не пайда әкелетіні сияқты, көрнекі азық та миымызға қорек болады.

? Көз – дүниеге ашылған ақылдың терезесі. Біз осы терезеден не көрсек, ол біздің болмысымызға айналады. Көзге көрінетін азықтың өзі қызық. Біз көретін сериалдар, жарнамалар, ойындар мен түрлі мультфильмдер еркімізден тыс санамызға түрлі ақпараттар ағынын жолдайды. Ең өкініштісі, бұны аңғара алмаймыз. Теледидар көргенде адам көзі секундына 24 кадр түсіре алады, ал 25-ші кадр тікелей миға әсер етеді. Көз байқамаса да осыншама ақпарат санаға сәулеленеді.

? Ми «өте сақ» алайда кейде жойқын күшке ие. Балалардағы агрессия, жыныстық қызығушылық, тез дайындалатын астарға әуестік, зейіннің шашырауы, әйелдердің өздерін бақытсыз сезінуі, қызғаныш, үнемі бірнәрсенің жетпей тұруы, дәрменсіздік, дүкенге барып, сауда жасағысы келуі, ал ер адамдардың опасыздық жасауы, өтірік айтуы, ашкөз болуы, бүлік шығаруы, жалқаулық, сенімсіздік, такаппар болуы, бәрі қайдан шығып жатыр деп ойлайсыз? Бұлардың әсері кейде жылдарға созылса, кейде бір сәтте бойымыздан табылып жатыр. Тіпті, күнделікті көңіл-күйімізге әсер  етіп, ақыл-ойымызды осы халдер бейсаналы түрде басқарып кетіп жатыр. Қорқынышты емес пе?..

? Олай болса шешімі.
Раббымыз біздің бұл ақыл «тереземізге» керемет бір тәсіл орнатып қойды. Ол – осы екі «кішкентай тереземізден» дұрыс бағытқа қарап, керексіз кезде перделерді жаба білу.
«Енді не істейміз?» деп қиналмай, дер кезінде қалауымыз бен ерік-жігерімізді қолданып керексіз нәрсені көрсек, пердені жабайық, өтіп кетсін! Қазіргі ақпарат ағынымен өз жан дүниемізді, ақылымызды Қолымызға қаруымызды алып күзетші секілді қорғай білуіміз кк!
Үш нәрсеге қарау жанға шипа. Олар Құранға, жасыл түске және ата-анамыздың жүзіне қарау» (Хадистен)





Пікір жазу