30.05.2023
  134


Автор: Маржан Ершу

Жарығым-ау

Жарығым-ау, бір жанып, бір өшесің,
 Төзімімді біртіндеп түгесесің.
 Тіл қатпайсың, үнсізсің, үндемейсің
 Білмеймін?! Қай дауылға ілесесің.
 Сөйлемесең, көрмесең, көрме мейлі,
 Сабырлылық, салқындық жерде дейді.
 Жердей болу жетеме жетпей жатыр
 Сен мейлі, сенбе мейлі?!
 Сезім-теңіз, кейде бір қара тастай,
 Отырайын мен де үнсіз жағымды ашпай.
 Күндер зулап алдымнан өте берсін
 Сен де өте бер жанымнан танымастай.
 Уысыңа бағынбас уақыт-мерген,
 Кездерді де ұмытайық жақұт терген.
 Қуаныштың көз жасын ішкен едік
 Жақсы шығар мұңды да татып көрген.
 Қоштасайын сол бір кез-көктеміммен,
 Күміс күнге өкпем жоқ көкте күлген.
 Сап-салқын сары жапырақ жылымас-ты
 Ып-ыстық ерініммен өпкеніммен.
 Ақ қағазға енді жыр жазам қандай?
 Ақ қағаз да буланып бозарғандай.
 Үндемесең, үндемей кете берем
 Тіл безеп, жан ауыртып, мазаңды алмай.
Ойларыммен бір құлап, бір тұрамын,
 Ашуға да әл келмей бұлқынамын.
 Сағат тілі жылжымай қойғанын-ай
 Жұлар ма еді түн құлағын?!
 Кенет  ғажап! Ақ қанат көтерілді!
 Сенің дауысың! Естідім шекер үнді.
 Қуаныштан әлде мұң,сағыныштан
 Жанарымнан жас парлап жылап тұрдым
 Білмеймін?! 
Не бақытты, не бақытсыз екенімді...




Пікір жазу