30.05.2023
  99


Автор: Маржан Ершу

Бір өлең жазылар....

Бір өлең жазылар,
Мұң басқанда,
Сағынышым өзіңмен сырласқанда.
Сен де жанардың моншағын жиып
Қарайсың ба ұзақ түнгі аспанға?
Бір өлең жазылар,
 Жайық толқып аққанда,
Толқыны жағаны соққанда.
Айдың аппақ шуағына
Дүние  шомылып жатқанда.
Бір өлең жазылар.
Бір өлең! Маған бақыт боп жолық!
Көңіліме көшпейтін көктем боп қонып.
Бір өлең! Бәлкім, сен шығарсың , жаным
Ақ қағазға тамар -
Сағыныштың көз жасы болып...




Пікір жазу