23.05.2023
  512


Автор: Соңғы қоңырау күні

Жас Түлектер, Түлектер

Жас Түлектер, Түлектер,
Ашық болсын жолдарың!
Алға қойған мақсатың,
Орындалсын арманың!
Балбұл жанып жүздерің,
Биік болсын талғамың!
Жаңа өмір жолында,
Қанаттарың талмасын!
Қанша қиын болса да,
Мұңаюлар болмасын!
Ашық болып аспаның,
Шуақты күн жалғасын!
Студент бол білімді,
Жалғап білім арнасын!
Маман атан білікті,
Жаратқаным жар болсын!
Әрбір жасар ісіңде,
Қиындықтар болмасын!
Елің үшін қызмет ет,
Раббым Алла қолдасын!
Жерің үшін қызмет ет,
Абыройың самғасын!
Қабыл болып батамыз,
Жорытқанда жол болсын!
Дастарханда лайым,
Ішер асың мол болсын!
Абыройың асқақтап,
Айтқан сөзің жөн болсын!
Жаратқаным жар болып,
Денсаулығың зор болсын!
Жас Түлектер, Түлектер,
Әр қадамың оң болсын!
Әумин!





Пікір жазу