23.05.2023
  313


Автор: Соңғы қоңырау күні

Ашық болып жолдарың

Биылғы жас Түлектер,
Қолды жай бата берейін!
Ақ жол тілеп сендерге,
Маржан сөзді терейін!
Құламасын жігерің,
Сәтті өтіп күндерің
Өсе берсін мерейің!
Жаңа өмір парағың,
Құтты болып қадамың,
Оқуға түс жоғары!
Студент бол білімді,
Маман атан білікті,
Ел іздейтін бағалы!
Елің үшін қызмет қып,
Жерің үшін қызмет қып,
Болшы елдің адамы!
Ата-анаңды құрметтеп,
Сабақ болып әр мектеп,
Жанға айналғын даналы!
Еңбек етіп сен адал,
Бол жүрегі кең адам,
Ақылды да саналы!
Жаратқаным жар болып,
Жүр қашанда бар болып,
Үйлі болып, балалы!
Ашық болып жолдарың,
Алла болып қорғаның,
Биікке өрле, тоқтама,
Орындалып арманың!
Әумин!





Пікір жазу