23.05.2023
  156


Автор: Соңғы қоңырау күні

Түлектерге бата

Жолың болсын Түлектер,
Қанаттарың талмасын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын арнасын!
Жаңа өмір жолыңда,
Қиындықтар болмасын!
Оқуға түс жоғары,
Білім тапсын жалғасын!
Мықты маман болып шық,
Сыйлар кейін дәмді асын!
Қадамдарың оң болсын,
Сәттілікке бастайтын!
Денсаулығың зор болсын,
Қиындыққа баспайтын!
Сыйластығың мол болсын,
Ынтымақты растайтын!
Жақсы істерің көп болсын,
Жақсылыққа бастайтын!
Елің үшін қызмет ет,
Ел үмітін ақтайтын!
Қолыңды жай Түлектер,
Көңілдерің жай болсын!
Уайымдарың болмай еш,
Жегендерің май болсын!
Орындалып армандар,
Төрт түлігің сай болсын!
Ашық болып жолдарың,
Мінгендерің тай болсын!


Әумин!  





Пікір жазу