22.05.2023
  90


Автор: Рәбиға Сыздықова

АҒА

 XIX ғасырдың I жартысында жасап өткен атақты Махамбет Өтемісұлы ақында:


Сан шерулі қол болса, Батырлар болар ағасы,


деген жолдар, XVI ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырауда: Азаулының Аймәдет ер Доспамбет ағаның


Хан ұлына несі жоқ?


 


 


 


Би ұлынан несі кем?


Азаулыда аға болған ерлер көп еді,– деген жолдар бар1. Ноғайлының Ер Шобан деген батыры Қабардының Биғазы


дегенінің жылқысын айдап әкетіп бара жатқанда, артынан келген қуғыншыны айнытпақ болып, қасымда мынадай-мынадай мықты ба-тыр-жолдастарым бар деп суреттегенде:


Қан жұқпас қайқы қара болат өтпеген.... Бұ жиынның ішінде


Ер Жақсымбет аға бар, –


дейді. Мұндағы аға сөзі Жақсымбет батырдың көркем эпитеті емес, ол қызметті ер сөзі атқарып тұр, бұл жердегі аға – «басшы, қолбасы» деген ұғымда келген термин іспетті сөз. Демек, жоғарыда келтірілген өлең жолдарындағы аға сөзі осы күнгі «жасы үлкен ер адам» деген мағынасынан басқаша қолданыста тұрғанын аңғартады.


Түркияда бұрын аға титулы әскери адамдарға, коменданттарға, янычарлардың бастықтарына берілетін атақ болған (Будагов, I, 60). Бұл пікірді өзге ғалымдар да растай түседі. Ортағасырлық түркі ескерткіші «Шейбани-намені» зерттеген шығыстанушы И. Березин: «Осман түріктері аға сөзіне «әскери мырза (әмірші), бастық мырза (господин) деген мағына берген»,– деп жазады (Библиотека восточ-ных историков, изд. И. Березиным, Т. I. СПб, 1849, 20).


Орта ғасырлардағы хан сарайларында есік аға (ишик аға) деген жоғары лауазым да болған: «ишик аға – «сарай есіктерінің» биік табалдырығының бас күзетушісі, камергер. Орта ғасырлардағы хан сарайларындағы жоғары мәртебелі қызмет иелерінің бірі» (Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв., Алма-Ата, 1969, 537).


Ертеректегі қазақ қауымында да аға сөзі басшыға, оның ішінде әскери басшыға да айтылатын дәреже мағынасын бергенге ұқсайды. Мысалы, Шалкиіздің:


Батыр жігіт жау бастар, Аға жігіт қол бастар, –


дегені қолды (әскерді) бастайтын жігіттің аға аталғанын дәлелдей түседі. Махамбет ақынның да:


Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар, –


1     Осы жерде және әрі қарай XV-XIX ғасырларда өмір сүрген Асанқайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Жиембет, Ақтамберді жыраулардан бастап, Дулат, Шортанбайларға дейінгі ақындардан келтірілген мысалдар «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Алдаспан» (1967), «Ақберен» (1972) кітаптарынан алынды.


 


 


дегенінде аға деп жасы үлкен адамды айтып отырған жоқ, қолбас-шыны, көтеріліске шыққан қарулы топ басшысын атап отыр. Қазақтың батырлар жырында:


Жүрмеймісің, құрдасым, Қол ағалық қыламын, –


деген жолдарда қол ағалық тіркесі кездеседі. Мұнда да қол аға – «әскери басшы, қол басшысы» деген ұғымда. Аға сөзінің белгілі бір әскери топтың (құрамның) басшысы (командирі) деген атақты білдіргендігін XVI ғасырда қазақтан шыққан тарихшы-шежіреші жалайыр Қадырғали би Қосымұлының «Жами’ ат-тауарих» атты шығармасынан да көреміз: Уа Мүгеті баһадур мың кішінің бегі ерді, йа’ни мың ағасы. Мұнда бек сөзі мен аға сөзін синоним етіп ұсынған. Дәлірек айтсақ, аға сөзін парсыша әмір мен түркі термині бек сөздерінің қазақша баламасы етіп жұмсаған. Тарихшы бабамыз ана тілінің аға сөзін «әмірші, билеуші» мағынасындағы термин етіп қолданған. Оның терминдік, титулдық мәні жалқы есім – адам ат-тарымен тіркесіп келтірілгенінде тіпті айқын көрінеді. Мысалы, Қадырғалидың шежіресінде Булад аға, Бүйінчік аға, Абдулла аға, Арғун ата деген лауазымды есімдер аталады. (Р. Сыздықова, М. Қойгелдиев. Қадырғали би Қосымұлы және оның «Жылнамалар жинағы». - Алматы, 1991). Аға сөзін әскери емес, жай «басшы, бас адам» мағынасында жұмсау да қатар жүрген. Мысалы, Сәкен Сейфуллин арғын Байдалы бидің сөзінен деп:


Рулы елге жарасар Үлгі айтатын ағасы,


деген жолдарды келтіреді (С. Сейфуллин, VI, 59), сол сияқты Сүгір ақын бір толғауында:


Кешегі өткен ер Сырым Кіші жүздің ағасы,


деп, ағасөзін «ел басы, әлеуметтік (әскери емес) басшы» мағынасында жұмсайды. Қайткенде де өткен кезеңдерде аға сөзі «жасы үлкен ер адам» деген тура мағынасымен қатар, «бас, басшы, ел (ру, тайпа, халық) басшысы, әскери басшы (қолбасы)» деген ауыспалы мағынада да жиі қолданылып, терминдік сипатқа ие болған сөз екенін көреміз.


Аға сөзінің бір кездегі «бас, басшы» деген ауыспалы мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, от ағасы (қазірде біріккен сөз ретінде бірігіп отағасы болып жазылады) деген тіркестердің бар екендігімен де дәлелдене түседі: ел ағасы – белгілі бір қауымның (айталық, ауылдың, рудың, атаның т.б.) басшы адамы, отағасы – бір шаңырақтың басты адамы, иесі. Кейін отағасы сөзінің мағынасы жалпыланып, «жасы үлкен ер адам, сыйлы адам» дегенді білдіруге жұмсалып кеткені және көбінесе қаратпа сөз ретінде жұмсалатын болғаны байқалады. Ауыл ағасы, жігіт ағасы деген тіркестер де осы сияқты.


XV-XVI ғасырларда аға сөзінің осы күнгідей «бірге туғанның немесе туысқанның ішінде еркек кіндіктің жасы үлкені» деген не-гізгі мағынасы, әрине, болған. Бертін келе, XVIII-XIX ғасырларда, бұл сөздің «қолбасшы, әскери басшы» мағынасы солғындап, ол ау-ыспалы мәнде қолданылғанда «жасы үлкен, сыйлы, құрметті адам» деген ұғымда жиірек жұмсала бастаған. Мысалы, Нұрым жыраудың (XIX ғ.):


Сағынып аңсап, аға деп Енді сәлем бере алман, –


деген жолдарындағы аға – жасы үлкен, құрметті адам. Жырау бұл сөзді Өтембек деген жай адамға (әскер басына емес) айтады.


Сонымен, аға сөзінің негізгі мағынасынан ауысқан «қол басы, жүз басы, мың басы, түмен басы» деген ұғымы да қазақтың XV-XVII ғасырлардағы ақын-жырауларының тілінде қолданылған.





Пікір жазу