21.05.2023
  53


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Алдану

(1803)

Желпінді тор әйнектен
Көрші әйелдің үйінен —
Қарайды маған кенеттен,
Жаны өртеніп күйінген.
Білгісі келер қызулы,
Қызғанышы бар ма деп.
Сөнді ме әлде ынтығы,
Әлде жанып тұр ма деп?
Жоқ, ғашықтық қиялмен.
Аңдамаппын алданып.
Ол жел екен, торғынмен
Тұрған ойнап, қозғалып.





Пікір жазу