15.05.2023
  58


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Соқыртеке

Достым, бойжеткенім, Тереза,
Сенің темірден де өткір,
Ашулы көздеріңнен қорқамын!
Сонда да сен ертіп жүріп,
Қалайша мені жаңылмастан
Сен, кірпік қаққанша, мені табасың?
Мені ұстап алып, қымсына, ұяла бір сәт,
Қосыла соғып тұр жүректер!
Байғұс соқырға қараумен,
Қарап тұрсаң тас бұғау да үзіліп,
Және де қайтадан сен ашуға ендің.
Сауық құрған ортаның
Қабырғаларында соқтыға,
Қабына, сүріне мен ұшып келем.
Сенің махаббатыңа мен табынып,
Кейде, күйіп жанып үнемі,
Кейде, қараңғыда жүргендей, адасумен боламын.

1771





Пікір жазу