05.05.2023
  502


Автор: Жеңіс күні

Болмасын қайғы-қасырет

Қолыңды жай ағайын,
Мен бір бата берейін!
Шын көңілмен ниет қып,
Сөз маржанын терейін!
Уа,  Бауырлар аман бол,
Болмасын қайғы-қасырет!
Сынды сәттер болмауын,
Жаратқаным нәсіп ет!
Тыныш болсын еліміз,
Тыныш болсын жеріміз,
Тыныштықты нәсіп ет!
Мейірім бер жүрекке,
Салғызбай бір қасырет!
Елді қорғар жігіттер,
Бір-біріннен асып өт!
Сыйластықты сый қылып,
Бағалы ет,  асыл ет!
Ұлы Жеңіс күнінде,
Болсыншы тек жақсылық!
Тыныштықты сақташы,
Жалғап ойды тәтті үміт!
Аман болсын халқымыз,
Бірін бірі таң қылып!
Тыныш болсын жеріміз,
Болып бұл күй заңдылық!
Қақтығыстан аулақ ет,
Тыныштықты бар қылып!
Күле түссін балалар,
Көңілдерде сән құрып!
Тәуелсіз ел,  азаттық,
Болсын бізде мәңгілік!
Әумин!





Пікір жазу