05.05.2023
  209


Автор: Жеңіс күні

Қазақ елім мәңгілік

Қазақ елім мәңгілік,
Қанат жайсын сән құрып!
Тыныш,  бейбіт заманда,
Ата берсін таң күліп!
Ұлы Жеңіс күні бұл,
Тұрсын ойда жаңғырып! 
Қазақ елім жандансын,
Бар әлемді таң қылып!
Ардагерді еске алу,
Жанымызды ауыртар,
Соғыс енді болмасын!
Тәуелсіз,  бейбіт елімде,
Бар жақсылық орнасын!
Тыныш болып еліміз,
Бейбітшілік жалғансын!
Ел ертеңі жастарым,
Биік ұшып самғасын!
Еркіндікті сезініп,
Қанаттары талмасын!
Жеңіс беріп жемісін,
Көңілді күй арналсын!
Я Жаратқан қолдай гөр,
Бақытыңды жалғай гөр!
Бар жақсыны еліме,
Жеріме бұл арнай гөр! 
Әумин! 





Пікір жазу