05.05.2023
  176


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні сыйласын

Жеңіс күні сыйласын,
Тыныштығын мәңгілік!
Бейбітшілік орналсын,
Елімізде сән құрып!
Соғыс енді болмасын,
Атып әркез таң күліп!
Жаратқаным жар болсын,
Деніміз сау,  бар қылып!
Тыныш болсын еліміз,
Көңілдерді жаз қылып!
Ата-анасын аман қыл,
Балаларын мәз қылып!
Тыныш,  бейбіт заман қыл,
Жанды тербеп бар үміт!
Оңды,  сәтті қадам қыл,
Етіп мәңгі заңдылық!
Қақтығыстан аулақ ет,
Сыйластықты зор қылып!
Қазақ елін қолдай гөр,
Бар әлемді таң қылып! 
Жаратушым қолдай гөр,
Жамандықтан қорғай гөр!
Қабыл алып тілекті,
Бар жақсыны жолдай гөр!
Қуанышты,  бейбіт күн,
Елімізде болсын тек!
Әр отбасы,  әр үйге,
Бақыт құсы қонсын кеп!
Мейірімнен айырма,
Жүрек нұрға толсын тек!
Қастық,  мастық орналмай,
Болсын лайым достық тек!
Жеңіс беріп жемісін,
Таусылмайтын кенішін,
Бақыт басқа қонсын тек!





Пікір жазу