25.04.2023
  65


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ БЕДЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫ

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында "Cапалы білім беру" жалпыұлттық басымдығының негізгі мақсаты "ел дамуының жаңа бағытын іске асыру үшін адами капиталды дамыту" болып табылады. Осы мақсатта әлемдік бәсекеге қәбілетті білікті мамандарды даярлауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елімізде көш бастап келеді. Білім алушыларға барлық заман талабына сай жағдайлар жасалынған.


Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталығы, технопарк, 2 мыңнан астам профессорлар, ғылым докторлары, философия кандидаттары мен докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, Қазақстан Республикасының 40-тан астам еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік және атаулы сыйлықтардың лауреаттары бар. Қазақстан Республикасы сыйлықтарының лауреаттары және жас ғалымдар сыйлығының 40 лауреаты, Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың 47 стипендиаты. Университетте 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша білім алуда.


Алматы қаласының ішінде экологиялық таза аймақта орналасқан университет кампусы ҚазҰУ қалашығында 14 оқу ғимараты, 16 студенттік жатақхана, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, Интернет-орталық, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан және Орталық Азиядағы ең үлкен заман талабына сай жабдықталған Әбу Насыр Әл-Фараби музейі және кітапханасы көремін, оқимын, дамимын деген әрбір студент үшін ашық. Бүгінде университетіміздің кітапханадасындағы кітап қоры 2 млн-нан асады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуына, яғни, кітаптардың аударылып, жарыққа шығуына кітапхана үлкен үлесін қосып отыр. Тағы бір артықшылығы – мұнда елімізде тек екі жерде ғана кездесетін сканерлік қызметтің озық үлгісі- « Kirtas kabis 3» жаңа техникасының болуы. Бар-жоғы 1 сағат ішінде 3000 беттік кітапты электронды нұсқаға көшіретін бұл құрылғы оқырмандарға кітапты онлайн түрде оқуға мүмкіндік беріп отыр.


Студенттерге әскери кафедра қарастырылған. ҚазҰУ түлектері қосымша әскери мамандық, офицерлік атақ алады, бұл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет өткеруге мүмкіндік береді.


Біз бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттермен алмасу және тағылымдама өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық университеттерімен ынтымақтасамыз. Университет көрнекті және жан-жақты академиялық бағдарламалар ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлерінің халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарының шақыруы бойынша ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне шетелдік іскерлік сапарларын ұйымдастырады.


 


Ой соңында болашақ студенттерге айтарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сапалы білім алуға және өз саласында кәсіпқой болуға мүмкіндік береді. Әлем күн сәулесімен, ал адам біліммен жарқырайды.  Сондықтан атына заты сай сапалы білім ордасының түлегі болуға баршыңызды шақырамын.


 


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Философия және саясаттану факультеті


Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы


«Әлеуметтану» мамандығының


4-курс студенттері


 Қалдыбек Айгерім ,Баймырзаева Маркизат, Кенжалиева Мадина


Ғылыми жетекші: Авсыдыкова Куралай Адылжановна


 





Пікір жазу