19.04.2023
  498


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 4 бөлім

Мүмкін мен секілді іші тар, көреалмаушылық көзін байлап тастаған адамдар оқып тәубесіне келер. Алғаш келін болып түскенімде енем мен күйеуімнен бұрын абысыным қатты қуанып, мәз мейрам болып жүрді. Екі періштенің анасы болып, тәжрибе жинап қалған абысыным үнемі ақыл кеңесін айтып, менің жанымнан бір елі ажырамайтын. Қолымнан түк келмейтін, тек сыртта жүріп оқу оқып көше кезіп жүре берген маған келін болып тамақ істеп, қамыр жаю қиынға соқты. Ал абысынымның қолынан келмейтіні жоқ. Тамақтары өте дәмді, қамыры қағаздай теп тегіс. Істеген ісінен бір мін таппайсың. Ұл- қызының тәрбиесіне көңіл бөліпте, тазалықтарына назар аударыпта үлгереді. Енем байғұс үнемі « қызым-қызым» деп отыратын. Қайын ағам болса келіншегіне дауыс көтеріп сөйлеген емес. Өтірік емес мен абысыныма қызғана қарайтынмын. Өйткені мен ол секілді бола алмадым. Ол секілді ас әзірлеп, дастарханды жайната алмадым. Ол жоқта үйге келген төрт қонақты күте алмадым. Ұйқыны жақсы көріп таңертең, түсте ұйықтап қалып жүрдім. Үйдің тірлігін жарытып істемей жүрсем де, басқасына үлгере алмадым. Төсегім жиналмайды, шашым таралмайды, киім үтіктеуге уақыт таппаймын. Күйеуім аяқ асты бір жерге барар болса жарық болмай шалбарын үтіктей алмай талай рет қыртыс-қыртыс, мыж-мыж шалбар, жейде мен барар жеріне барып келді. Абысынымның қалай үлгеретіне мән беріп, ол кісіден үйренудің орнына, қызғаныш бойымды билеп, оны өзіме жау санай бастадым. Менің өзгергенімді байқап ақыл кеңесін айтып жүрді.
- Келінжан, айналдырған екеуміз ғана біз. « абысын тату болса ас көп» деген сөз бар. Біз тату болсақ осы әулет тату болады. Екі ағайынды бауырды жақындастыратын да, бір бірінен алыстататын да біз. Қуанышыңды да, қайғыңды да бөлісетін ағайын.
- Ақшаң болса, жаныңда араласытын адамдар да болады.
- Олай деме... Ақшаға сатып алынбайтын дүниелер де бар. Туғаныңдай ешкім саған жаны ашымайды.

Жалғасы бар





Пікір жазу