19.04.2023
  162


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 10 бөлім

- Абысын білемін балаңыз түсіп қалды. Бірақ оған мен кінәлі емеспін ғой! Сіздің балаңыз түсіп қалса, менікі де түсіп қалуы керек пе еді? Дегеніңізге жеттіңіз бе? Қалағаныңыз осы ма еді?
- Не деп тұрсың? Мен сенің жүкті екеніңді ұазір ғана білдім емес пе?
- Жаңа ғана бөлмеме кіріп банка жап, деп ұрысқан сіз емес пе? Ауырып жатырмын десем, «қайныма айтып сазайыңды тартқызамын» деген кім сонда? Әлде мен өтірік айтып тұрмын ба? Ал не айтасыз қайныңызға?
-Мен сенің жүкті екеніңді, ішіңнің ауырғанын қайдан білейін?
- Келіндер жетер енді. Айналдырған екеуің бір үйге сыймай не көрінді? Екеуіңде бірде бір тірлік істемей ақ қойыңдар. Өзім ақ істеп аламын. Көп сөзді қойып жедел жәрдем шақырыңдар. Болницаға апарып жатырын тазалатсын.
- Жоқ, шақырмаңыздар. Қажеті жоқ. Одан кейін мүлдем бала көтере алмай қалуым мүмкін. Бармаймын ешқайда.
Болницаға барсам өтірігім ашылып қалуынан қорқып, бармау үшін сан түрлі сылтау айттым.





Пікір жазу