18.04.2023
  30


"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ ұйымының тарапынан жас кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік

Мемлекет тарапынан жас кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік!


Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мемлекетіміз жас кәсіпкерлерге 2,5% жыл мөлшері бар микрокредиттерді ұсынып отыр. Кредитті рәсімдей отырып, жас кәсіпкерлер өздерінің жаңадан құрылған істеріне қолдау таба алады.


Микрокредиттер еліміздің 21-35 жас аралығын қамтитын кәсіпкерлерге арналады. Сонымен қатар, ескере кететін маңызды мәселе - бұл микрокредиттер жаңа кәсіптің ашылғанына 5 жылдан аспау қажет. Сондай-ақ, микрокредитті алу үшін қандай да бір нақты бизнестің түрі болуы шарт емес, яғни барлық бизнес түрлеріне беріледі. Сондай микрокредиттің ең ұзақ мерзімі: кез келген сала бойынша 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейін уақыт беріледі.


Микрокредитті алу үшін ең алдымен сізде кепіл болуы қажет ( жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті жатқыза аламыз) немесе кепіл берушіңіз (ата-анаңыз, туған-туыстарыңыз) болуы тиіс.


Микрокредит жайлы толық ақпаратты өзіңіз тұратын аймақтың @KAZAGRO_KZ филиалдарынан немесе 5353 call орталығынан ала аласыз.


Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!





Пікір жазу