15.04.2023
  133


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

ЖАЛҒАН ДҮНИЕ ЖАЙЛЫ ДИУАН

(1-нұсқа)
Сұра сахар самалынан:
Дос сәлемін жолдады ма?!

Хақтың дәмет Жамалынан,
Кіріс, кәне, жол қамына.
Бұл жалғанның тұтқасын кім
ұстай алмақ қолдарына?!

Хақ Тәңірім
– Шын сахи
-дүр,
көзе ұсынар құлдарына.
Ол көзеден Нұр ма тамған?

Ішкен адам жынды атанған!
Ұстазыңның
– діл
-маталған
бас байлап ер соңдарына.
Ол ұстаздың әмірі бек,
бере
-тұғын тәлімі көп,
Ұстазға ерген тәлібі боп
түспес сұмның торларына.
Нәпсі
– дұшпан дуалаған!..
Жүзіңді жас жуа ма әмән?

Нәпсің өлсе
– куә болам,
Кәусар
-көлге шомғаныңа.
Кәусар
-көлде сөнген жандар,
Өлмей тұрып
, өлген жандар,
Нәпсісін жау көрген жандар
қонар Тұба* талдарына.
Тұба ағашын тұтқан жандар,
мөлдір шыққан шықтан жандар,
«Таза шарап» жұтқан жандар
Жаудың түспес қармағына.
Жүрегіңді кірден қорға
,
Кім қалады сұм жалғанда?!

Шығар жол жоқ кірген жанға –
Келген көшер Ел жағына.
Міскін Жүніс, бер мағына –
арттағыға-алдағыға,
Бұл дүниенің жайын айтып
жан-дертіңмен зарла, жыла!


--------------------------
Тұба*– жәннәт ағашы.





Пікір жазу