08.04.2023
  398


Автор: Дұға оқу

САФА МЕН МАРУАНЫҢ ҮСТІНДЕ ТҰРҒАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) Сафаға жақындағанда мына аятты оқыды


«Иннас-Сафа уәл-Мәруата мин шаъа-ирилләһ». «Шын мәнінде, Сафа мен Маруа (жоталары) Алланың белгілерінен» және


 


«Әбда-у бима бәдә-әллаһу биһи». Мағынасы: «Алланың бастағанымен бастаймын» - деп, Сафадан бастап,


 


Қағбаны көргеніне дейін Сафа жотасына көтерілді. Кейін жүзін қыблаға қаратып, Алланың бірлігін айтып, Оны ұлықтады да кейін былай деді:


 


«Лә иләһә илләл-лаһу уәхдаһу лә шәрикә ләһу ләһул-мулку, уә ләһул-хамду, уә һууа ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә иләһә илләл-лаһу уахдаһу, әнжәзә уаъдаһу уә нәсара ъабдаһу уә һәзәмәл-әхзәбә уахдәһу». Мағынасы: Яғни, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ: ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдреті барлық нәрсеге толық жетеді. Бір Алладан басқа құдай жоқ. Ол Өз уәдесін орындады, пендесіне (яғни, елшісіне) көмек берді бүкіл одақтас тайпаларды жалғыз Өзі жеңді.


 


(Имам Мүслім риуаят қылған бұл хадисте Пайғамбарымыздың осы сөздерді үш рет айтып, Аллаға дұға жасағандары хабарланады. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың       (Алланың оған     игілігі     мен сәлемі болсын) Мәруа жотасына шыққанда Сафаға көтерілгенде жоғарыдағы нәрселерді қайталап істегені хабарланады).





Пікір жазу