05.04.2023
  253


Автор: Серікбай Оспанов

Ұланыңмын, Ұлы Отан!

Əнін шығарған Жоламан Тұрсынбаев
Сүйіп өскен елімді,
Сүйіп өскен жерімді,
Сертке берік, сенімді
Ұланыңмын, Ұлы Отан!
Аппақ атқан таңдарым,
Əрқашан да алдамын.
Анық мақсат-арманым,
Ұланыңмын, Ұлы Отан!
Жақсы оқып сабақты,
Гүлге бөлер алапты,
Əдепті де талапты
Ұланыңмын, Ұлы Отан!
Еңбек етсем қолдадың,
Тентек бала болмадым.
Мен ертеңгі қорғаның –
Ұланыңмын, Ұлы Отан!





Пікір жазу