04.04.2023
  105


Автор: Серікбай Оспанов

Он кісінің атын айт

Тездетіп адымда,
Жүрейін жаныңда.
Бір есім
Əр адым
Айтсаң сен жарадың.
Қанеки, адымда,
Қайталап жаңылма!
Міне, бір аттадың,
Қандай ат тапқаның?
Жылдам айт, «Марат» де,
Тағы аттап, «Жанат» де,
Тағы атта, «Қанат» де,
Тағы атта, «Самат» де.
Төрт рет аттадың –
Төрт есім тапқаның –
Бес рет аттадың –
Бес есім тапқаның.
Қайталап жаңылма,
Сақтай біл жадыңда.
Жаңылсаң ойыңнан,
Шығасың ойыннан.
 
Жаңылма!
Жаңылма!
Тағы бес адымда!
Барлығын санадым,
Он есім –
Он адым.
Жарадың!
Жарадың!





Пікір жазу