16.03.2023
  294


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 3 бөлім

Өмір тосын сыйға толы екен. Мен күтпеген жағдай мені таңқалдырдып біраз уайымға салды. Бәрін бір Аллаға тапсырдым.

Оқып жүріп, біраз выпечкаларды пісіруді үйрендім. Бір жағы модель ретінде жұмыс жасай бастадым. Себебі бойының ұзындығы мен тіп-тіке жүретінім барлығын таң қалдыратын. Біраз ақша жинап, алдық. Өзіміздің стипендямызда бар. Біраз жоспарларымыз бар еді. Бірақ әкем ақшамыздың барлығын алып алды. Құлағына жаңа аппарат алу керек екен. Сол үшін...

Оған қатты қынжылмадық. Не дегенмен әкеміз ғой. Әкемнің денсаулығы біз үшін қымбат. Біреулер әкеге зар болып жүр. Әкемнің барына шүкір. Бірақ кейде әкем ұрысып жекіген кезде қатты ашуым келеді. Өміріме налып, "неге бұндай әке бердің?" , деп Құдайға өкпемді айтқан кездерім болды. Бірақ кейін ұмытып кетемін. Алайда бәрібір іште бірнәрсе тұрады.

Арада бір жыл уақыт өтті. Әкем ойда жоқ та мені оқудан шығарып алды. Ал сіңілім сол жерде оқып жатты. Маған:
-- Саған оқудың қажеті жоқ. Одан да бір жағы модель болып, бір жағынан тағы да бір жұмысты жасайсың..
-- әке ол қандай жұмыс?
-- әкімшіліктен саған хатшының орнын тауып қойдым. Бастартпа. Мен мұны қанша уақыттан бері жоспарлап, дайындап келем. Әрең деген де тапқаным. Жақсы жұмыс. Жерде қалмайсың. Сенің модель болып жұмыс істеп тапқан ақшаңа, жасанды диплом сатып алдым. Сол арқылы жұмысқа тұрасың.
-- әкетайым-ау, қалай бастартамын? Бұл деген керемет қой!
-- Оқу оқымадым деп бастысы налыма, сен үйдің үлкенісің. Отбасыңды асырау сенің мойныңа жүктеледі. Анаң да қатты шаршап жүр. Қашанға дейін анаңның ақшасына жармасып отырамыз?
-- әрине әкешім, бастартпаймын. Сіздерге қиыншылық көрсетпеймін. Уәде беремін әкетай.





Пікір жазу