01.03.2023
  1523


Автор: Жібек Ысқақова

Алғыс айтам


Күлімдеп Көкжиектен таң атқанда,
Жаратқан ұйқымыздан оятқанда.
Мың алғыс Жаратушы иемізге,
Жеткізген мына бізді әр ақ таңға.

Күйіміз бұзылмасын болмашыға,
Күн болмаса айымыз толмас сірә.
Әрбір күнге мың алғыс ай, жылға да,
Айтамын мен, "шүкір" деп, тәубә қыла.

Сыйлаған "өмір" атты бұл ғаламды,
Бастырған мейрімдікпен әр қадамды.
Анашыма алғысымды білдіремін,
"Ғұмырлы ет" деп, Аллаға жан Анамды.

Әкелерге алғыс көп бауырларға,
Сәлем қып, алғыс айтам ауылдарға.
Мың алғыс, рахметім ұшан-теңіз,
Дос-жаран, туған-туыс қауымдарға.

Болады әрқашанда еңсем биік,
Жүремін Жаратқанға басымды иіп.
Таныстарым, достарым сен аман бол,
Айтамын өздеріңе алғысты үйіп.

Кей кездері болады өмір қатал,
Бірі мақтап, кейбірі даттап жатар.
Айтарым сол алғысым өздеріңе,
"Қуантсын" деп ақ таңың, күнің батар.

Ренжімеймін ешкімге кінә артпаймын,
Көктемдегі жайқалған гүл бақтаймын.
Сындырса да сағымды кейбір жандар,
Қарсыласып оларға үн қатпаймын.
Мейлі мені өсектеп, жаман етсін,
Ондай жанның сөзіне мін тақпаймын.
Айтарым тек мың алғыс шын жүректен,
Барлығыңды құрметтеп, ардақтаймын.

Байқаусызда назардан тыс қап қойсаң,
Кешіріңдер адамдар жаны жайсаң.
Көктемнің ең алғашқы күнінде бұл,
Басымды иіп сіздерге алғыс айтам.

Жібек Искакова





Комментарии

Аружан
Аружан 01.03.2023 12:22
Күшті өлең екен
Бақыт Балжан
Бақыт Балжан 01.03.2023 12:03
Маған қатты ұнады

Пікір жазу