14.02.2023
  1011


Автор: Жібек Ысқақова

22 Наурыз - Наурыз мейрамы балаларға арналған тақпақтар жинағы

1) Наурыз келді


Наурыз келді қуантып,
Жанды баурап гүл көктем.
Жылдың басы қазақтың,
Айналаны гүлді еткен.


2) Жыл басы Наурыз


Жылдың басы Әз-Наурыз,
Жаңа жылым, мереке.
Әрбір қазақ үйінде,
Арта берсін береке.



3) Әз-Наурызым


Әз-Наурызым той-думан,
Салт-дәстүрім жаңғырған.
Бүкіл халық тойлайды,
Шашу шашып ән-жырдан.


4) Наурыз әні шырқалып


Наурыз айы шырқалып,
Айнала сән құрады.
Жаңа жыл бұл, жаңа күн,
Таусылмайтын жыр, әні.


5) Наурыз келді жаңа жыл


Наурыз келді, жаңа жыл,
Жылбасы бұл, жаңа күн.
Күн мен түнім теңеліп,
Күлім қағып әне тұр.


6) Көктем келді, Наурызым!


Көктем келді, Наурызым,
Күн менен түн теңесіп.
Көк майсасы, бұраң бел,
Отырғандай кеңесіп.


7) Наурыз келді, жыл басы


Наурыз келді, жыл басы,
Қуантып бар халықты.
Елдің тойы наурыз той,
Мерейі үстім, данықты.


8) Қозы-лақтар жамырап


Көктем келді достарым,
Қозы-лақтар жамырап.
Күн менен түн теңелді,
Наурызымды қабылдап.


9) Хош келдің Наурыз


Хош келдің, Наурыз!
Мерекесі қазақтың.
Жылдың басы, жаңа жыл,
Жаңа күнім, ғажабым.


10) Наурыз келді жадырап


Наурыз келді жадырап,
Табиғатым тіріліп.
Күн менен түн теңесті,
Айналамыз құбылып.


11) Наурыз келді, жыл келді


Наурыз келді, жыл келді,
Бар айнала гүлденді.
Табиғатым оянып,
Бар айнала түрленді.


12) Наурыз келді, нұр келді


Наурыз келді, нұр келді,
Ән менен бір жыр келді.
Наурыз тойын тойлайтын,.
Қуанатын күн келді.


13) Наурыз келді, жаңа күн


Наурыз келді, жаңа күн,
Жылдың басы жаңа жыл.
Күн менен түн теңелер,
Төбемізден шашып нұр.


14) Наурызымыз бұл біздің


Наурызымыз бұл біздің,
Жылдың басы жаңа күн.
Жаңа жылы қазақтың,
Теңесетін күн мен түн.


15) Хош келіпсің, Наурызым!


Хош келіпсің, Наурызым,
Бірге еніп көктеммен.
Көк майсасы баурайды,
Жасыл-желек көмкерген.


16) Құтты болсын, Наурызым


Көктемменен бір келген,
Хош келіпсің, Наурызым.
Жақсылыққа басташы,
Жылдың басы, Наурызым!


17) Ұлыс оң болсын


Құтты болсын, қазағым,
Наурыз жаңа жылың бұл.
Қуанышпен тербесін,
Енген жаңа күнің бұл.


18) Нұрға бөлеп елімді


Хош келіпсің, Наурызым,
Нұрға бөлеп елімді.
Шаттығыңды бере бер,
Қуандырып жерімді.


19) Бақ-береке орнасын


Ұлыстың ұлы күнінде,
Бақ-береке орнасын.
Шаттық келіп жеріме,
Қуаныштар жалғансын.


20) Әсем әнге


Наурыз келді ағайын,
Жұлдыздайын жанайық.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Әсем әнге салайық.


21) Наурыздың бұл тойында


Наурыздың бұл тойында,
Көңілді күй тербеді.
Жылдың басы жаңа жыл,
Жарқынды сәт, күй берді.


22) Құтты болсын халайық


Құтты болсын, халайық,
Наурызымыз кеп жеткен.
Күн менен түн теңелер,
Самал желі тербеткен.


23) Қуаныштар көп болсын


Қазақтың наурыз тойында,
Қуаныштар көп болсын.
Ақ тілектер айтылып,
Көңіліміз тоқ болсын!


24) Көңіліміз жандансын


Ұлыстың ұлы күнінде,
Көңіліміз жандансын.
Бақ-береке орналып,
Бар жақсылық таңдалсын.


25) Көктем келді балапан


Көктем келді, балапан,
Наурыз ашып есігін.
Өлең мен жыр жазылды,
Әнмен тербеп бесігін.


26) Құтты болсын мереке


Наурыз келді халайық,
Құтты болсын мереке.
Мерекеде жандана,
Арта берсін береке.


27) Арайлы таң сыйласын


Наурыз, жаңа жылымда,
Бақ сыйласын жаңа күн.
Арайлы таң нұр сыйлап,
Күлімдесін күн мен түн.


28) Наурыз келді, тамаша


Көктемменен бір келген,
Наурыз тойы тамаша.
Табиғатым оянып,
Құлпыруда жаңаша.


29) Жаңа жылым, наурызда


Жаңа жылым, Наурызда,
Атты сәтті таң күліп.
Бар айнала жанданып,
Құлпыруда жаңаша.


30) Көңіліміз тоқ болсын!


Құтты болып Наурызым,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Ұлыс оң боп, ақ мол боп,
Көңіліміз тоқ болсын!





Пікір жазу