02.12.2022
  302


Автор: Фариза Оңғарсынова

«БАЛА ӨЗІ ӨСКЕНДЕЙ, КЕЛІН ӨЗІ КЕЛГЕНДЕЙ»

   Біздің халқымызда ата-ананы, аға-жеңгені, жалпы жасы үлкен адамдарды құрмет тұтады. Ата-ананы тыңдамаған, сыйламаған жастар туралы осы мақалды айтады. Яғни, сəби өмірге келгесін өзінен өзі жақсы азамат болып шыға келмейді, оны тəрбиелеуге атаанасы еңбек сіңіреді. Ал келін алудың да қазақта өз дəстүр жолы болған. Бірін-бірі ұнатқан қыз бен жігіт ə дегеннен қосыла салмаған. Жігіт ата-анасына айтқызып (онда да өздері айту ерсі деп саналған, сондықтан əуелі аға-жеңге, апа-жездесі, нағашысына айтып, солар арқылы ата-анаға сездіретін болған), егер олар қош көрсе, құда болысып, қыз бен жігіттің ата-аналары бірбірімен қимас жақын, қандас туыстай тату болу секілді дəстүрлер болған. Бұл дəстүрлер екі жастың бір-біріне деген ықылас-сезімдерін бекіте түсуге, болашақ отаудың тату-тəтті өмір кешуіне ықпал еткен.


   Өзінің тəрбиелі адам болып өсуіне еңбек сіңірген ата-анасын, ұстаздарын, жолдастарын тыңдамай, «өзім білем» деп көкірек қағатын жастар жайлы осы мақалды айтады.





Пікір жазу