08.11.2022
  99


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Елбасына сенемін

Отырдым көзге жас алып,
Толқыдым іштей және де.
Тәуелсіздіктің басы анық,
Жетті-ау деп ақыр мәреге.
Көтердік нарық жүгін де,
Қиындықтар көп бүгінде.
Жақсылық болар түбінде,
Түңілме, халқым, түңілме!
Арманшылдарды жасқамай,
Азабы жетер тар жолда.
Елбасы халқын бастағай,
Арманы биік ақ жолға!
Ең бастысы замандас,
Ел бірлігі емес пе!
Елбасы бейне ақ алмас,
Көтеріле берсін белеске!
Ел едік қой жырды емген,
Тойдан тойға кенеліп.
Ел болармыз гүлденген,
Елбасына сенелік!





Пікір жазу