13.10.2022
  139


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Жалған молдаларға

Кей қария былапыт былшылдайды,
Кейбіреуі құтырып қылшылдайды.
Жастарына қарамай желіккенін
Шайтандары түрткілеп шымшылайды.
Үлгісін көрсететін аталар бар,


Құдайына сыйынбай тыншымайды.


Дініміз ауып барад түс кейпіндей,


Молдасымақ тозаққа түспейтіндей.
Жұмаққа апаратын жазық жолды
Өзі пішіп, өлшемдеп істейтіндей.
Кісілер бар арамызда дінді бұрған,
АЛЛАны айтып адасуға күштейтіндей.
Үстіне шапан киіп, сәлде орап,
Көрсетеді өздерін іс кейпіндей.


Адалға арам ақыл айтқан заман,


Адал асың арамсыз піспейтіндей.
Жас шағында желігіп жорытқасын,


Қартайғанда құран оқиды қорыққасын.
АЛЛАның ақ жолынан аттап өтпек,


Молдалар бар бойында құлық басым...





Пікір жазу