08.10.2022
  1774


Автор: Жібек Ысқақова

Республика күні мереке боп қайта есік ашты

     Сүйінші, Қазақ елі! 25-ші қазан Республика күні болып қайтадан есік ашты. Біраз жылдан бері бұл атаулы күн тойланбай, мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып қалған еді. Бірақ міне бұл тарихи күнді президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қайтадан мемлекеттік мерекелер қатарына қосып, бұл күнді атаулы күн етті. Бұл күннің таризына үңілер болсақ, 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-і тұтастай бір зайырлы, құқықтық мемлекет болғандығы жөнінде декларация қабылданды. Бұл деген сөз, қаншама уақыттан бері азаттығын аңсаған қазақтың қоғам қайраткерінің, ақын-жазушыларының, арыстан жүректі батыр да батыл ата-бабаларымыздың арман-тілегі болатын. Қазақ деген ұлт бар, қазақтардың Атырау, Алтай арасын алып жатқан кең байтақ жері бар, қазақ жеріне ешкімнің де көз салуына жол жоқ, қазақ жерін тек қана қазақтан шыққан басшы басқару керек, қазақ елін ешкім басынбауы керек деген қаншама ата-бабаларымыздың армандарының жүзеге асуы дәл осы 25-ші қазан болатын. 1986 жылы орын алған бебіт шеру сол кездегі Кеңес үкіметінің тарапынан қанды көтеріліске айналуы, қаншама жас боздақтарымыздың жазықсыз өлім құшқаны барлығының жемісті нүктесін қойған бұл декларация қазақ елінің Қазақстан Республикасы болып тұтас бір мемлекет болуына жол ашты. Бұл декларацияда қазағым деп шырылдаған ұлы Абай атамыздың, Абайды танытып, Абай жолын жазған, қазағым деп қазағыма үн қосқан Мұхтар Әуезовтың, қазақ тілі үшін алаңдап, қазақ мектептер салынсын деп жан ұшыра еңбек еткен Ахмет Байтұрсыновтың, кешегі халық жауы деп репрессияға ұшыраған зиялы қауым өкілдерінің, сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлы бастаған Әлия, Мәншүк батыр қыздарымыздың, тәуелсіздік алуымызға бірден бір себеп болған Желтоқсан оқиғасының қатысушы жастарының, жазықсыз өлім құшқан боздақтардың жалынды үні бар. Солардың арқасында қазақ елі Қазақстан Республикасы болып бойын тіктеді. Сондай қиындықтармен қол жеткізген Республика күні құтты болсын, тұғырымыз мықты, ел іші тыныш, ынтымақты болып, Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!





Пікір жазу