06.10.2022
  157


Автор: Түрікмен поэзиясы

ОТАНЫМ

Тар қапаста сені медет көргемін,
Ынтызармын өзіңді аңсап, Отаным.
Атрек, Гүрген – кіндік кескен жерлерім,
Ынтызармын өзіңді аңсап, Отаным.
Қарақұйрық, тур1 қаптаған қыраттар,
Сыңғыр-сыңғыр суы аққан бұлақтар,
Көңіл ашар көк шалғында құрақтар,
Ынтызармын өзіңді аңсап, Отаным.
Миюасы тұтас кілем бақтарым,
Аң аулаған қалың жыныс шатқалым,
Көрермін бе молшылықтың шақтарын,
Ынтызармын өзіңді аңсап, Отаным.
Жап-жалаңаш жүре берер қысыңда,
Малға оты мол көктеменің тұсында.
Жайлауында аш қалам деп қысылма,
Ынтызармын өзіңді аңсап, Отаным.





Пікір жазу