03.10.2022
  301


Автор: Ертай Ашықбаев

ОТАНЫМ

Жүздеген, мыңдаған
Сәбидің күлгенін
Қуана тыңдаған
Отаным бұл менің.
Шаршасам демалам,
Бір ерке ботамын.
Өсірер мені аман
Отаным,
Отаным!
Десе егер:
— Панаң кім?
Өзіңді атадым.
Анасы анамның —
Отаным,
Отаным!





Комментарии

Кәусар
Кәусар 04.03.2024 14:10
Отан туралы тақпақ
Камила
Камила 17.10.2022 18:08
Отан туралы өлеңдер

Пікір жазу