03.10.2022
  108


Автор: Ертай Ашықбаев

ТАҢДАНЫС

Ұя — мықты алақан,
Төзер небір салмаққа.
Қарап отыр балапан
Ұясынан жан-жаққа.
Көкте торғай жырлап тұр,
Сөзі бұған жетпейді.
Таң қалады шындап бұл:
«Қалай құлап кетпейді?»





Пікір жазу