Ұлжан Дәуренбекова

Ұлжан Әшірбекқызы Дәуренбекова – 1951 жылы Өзбекстанның Сырдария облысы, Сейхунабад ауданында шаруа отбасында дүниеге келген.


Әкесі – Әшірбек, Үндемес байдың немересі, Дәуренбектің ұлы болғанына жазықты болып, 1928 жылы қуғын-сүргінде Өзбекстанға екі рет келіп, қайтып Шәуілдірге барып тіпті колхоздың қара жұмысына да алынбайды. Лепкезде мұғалімдік жұмыста жүріп, «Байдың баласы мұғалім болмайды» - деп қуғынға түседі. Аңшылар қоғамына бригадир болып орналасқанымен, онда да қудалау көрген соң 1939 жылы Өзбекстанға қоныстанады.



Сағынышы санасын билеп, 1965 жылы туған еліне Отырар ауданы «Темір» станциясына көшіп қоныстанды. Атажұртқа оралған отбасының қызы Ұлжан Әшірбекқызы Дәуренбекова 1968 жылы «Темір» орта мектебін бітірді.



Бала кезінен жырға әуес Ұлжанның алғашқы балауса жырлары мектептің қабырға газетіне шығып, аудандық «Қызылқұм» газетіне өлең, әңгімелері жарияланды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: