Ағайынды Гриммдер
Ағайынды Гриммдер ( (нем. Brüder Grimm немесе Die Gebrüder Grimm; Якоб, 4 қаңтар 1785 — 20 қыркүйек 1863 жылдары өмір сүрген және Вильгельм, 24 ақпан 1786 — 16 желтоқсан 1859 жылдары өмір сүрген) — неміс халық мәдениеті зерттеушілері мен лингвисттері. Барлығына танымал «Ағайынды Гримм ертегілері» жинағын бірнеше рет жариялаған және фольклор жинақтаған. Карл Лахманн және Георг Фридрих Бенекемен бірлесіп герман филологиясы мен германистика негізін салушы-әке ретінде саналады. Олар өмірінің соңында алғашқы неміс тілі сөздігін шығарумен шұғылданды: Вильгельм, D әрпі жұмысын аяқтап 1859 жылдың желтоқсан айында дүниеден озды; Якоб өзінің ағасынан төрт жылдай кейін A, B, C и E әріптерін бітіріп қайтыс болады. Ол өзінің жұмыс үстелінде, немісше Frucht (жеміс) сөзін орындап жатқанда қайтыс болған. Ағайынды Вильгельм мен Якоб Гримм Ханау қаласында дүниеге келген. Ұзақ уақыт бойы Кассель қаласында өмір сүрген.