Ұлттық валюта – теңге күні

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Респуб­ликасы­ның ұлттық ва­­лю­­та­сын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн­ өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде төл теңге қол­да­нысқа енді.

Ескі үлгідегі ақ­­ша­лар­ды Қазақстанның жаңа теңгесіне айыр­бастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті.

Халықаралық мамандар­дың пікірінше, теңге ТМД аумағындағы тұрақты валюталар қатарында. Негізі ұлттық валютаның дайындалуы аса құпия түрде болған. Алғашқыда 70 жылдан астам пайдаланып келген кеңестік ақша – рубльді қолдана бермек болғанбыз. Бірақ Ресей 15 одақтас республикалардың әрқайсысының өз ақшасы болсын деген­ талап қойды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:
Автордың жарияланған шығармашылығы жоқ