Статистика күні

Еліміздегі атаулы датаның тарихы 1920 жылғы 8 қарашадан бас­талады. Қазақ АКСР үкіме­ті Қазақстандағы бі­рыңғай ор­та­лық­танған статис­тика жүйесінің бастауы болған «ҚазАКСР-дегі мемс­татис­тика туралы ережені» қабыл­­да­ғандықтан, осы күн еліміз­д­ің ста­тистика саласы үшін тари­хи дата ретінде белгіленіп, кә­сіби мерекелердің қатарына енген.

Жалпы алғанда, статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика сая­си жә­не бизнес шешім қабылдауда ма­ңызды рөл атқарады. Соны­мен қатар мемлекеттің әлеумет­тік-экономикалық даму стратегиясын бел­гілеуде де аталған саланың рөлі зор. Әсіресе мемлекеттік басқару органдарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, халық­ты еңбекпен қамту және жұмыс­сыздық, кедейшілік, баға, халық­тың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экономика және тағы басқалар жөнінде сапалы және жедел статистикалық ақ­па­раттардың мем­лекеттік статистика жүйесінде өзіндік орны бар.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: